ҚазақГаз ұлттық компаниясына 25 жыл. Кәсіпорын газ өткізу көлемін 16 млрд текше метрге дейін ұлғайтқан. Қазақстанның 11 облысы мен республикалық маңызы бар қалалардағы 11,7 млн тұрғынды көгілдір отынмен қамтып отыр. Бұл ретте қызметкерлердің еңбегі ерен. 2025 жыл Жұмысшылар мамандықтар жылы деп бекітілді. Ал компанияның өркендеуі сол қарапайым жұмысшылардың еңбегінің арқасы. Мерейтой барысында өңірдегі сала ардагерлері мен үздіктері арнайы төсбелгімен марапатталды.