Торғай жерінде экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қарқынды жалғасып жатыр. Жергілікті жұрт пен мекеме-ұйым қызметкерлері және жастар мен еріктілер Табиғат- Ананы аялап, қоршаған ортаны таза ұстап, оны қорғауға өз үлестерін қосуда.