Қостанай облысында жаңа оқу жылында барлық мектептер оқулықпен толық қамтамасыз етілді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін заманауи әдістемелік құралдар сатып алынды. Айта кетейік, өңірде соңғы жылдары бірнеше инклюзия кабинеттері ашылды. Мақсат - ерекше күтімді қажет ететін баланы құрдастарымен бірге сыныпта бірге оқыту, қатарынан қалмауға жәрдемдесу.