Сапа, жеделдік, жаңа технологияларды енгізу. Президент Жолдауында тұрғын үй құрылысы – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Қостанай облысында жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны артып келеді. Халықты баспанамен қамтуға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар да табысты жүзеге асып жатыр. Жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің жай-күйін Құмар Ақсақалов бағамдап қайтты.