Қостанайда белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев ми тамырларына 10 ота жасамақ. Бұл – жергілікті мамандарға арналған шеберлік сабағы. Қалалық аурухана заманауи жабдықтармен қамтылған. Сондықтан алдағы уақытта науқастардың астанаға барып, ота жасатуының қажеті болмайды.