Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс табу - әрқашан оңай шаруа емес. Алайда арнайы ұйымдардың қолдауының арқасында бүгінде бұл бағытта оң өзгерістер байқалады. Солардың бірі Қостанай қаласындағы «Үміт-надежда» қоғамдық бірлестігі. Орталық осы уақытқа дейін 60-қа жуық кембағал жанның жұмысқа орналасуына жәрдемдескен.