Бүгінде Қазақстанда Қорғаныс саласына Мемлекет басшысы айрықша көңіл бөліп отыр. Баламыз үшін еш алаңдамаймыз. Қайта, ел үшін қызмет етіп, ұлт қорғаны болуға жарағаны біз үшін үлкен қуаныш. Облыс орталығында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салуға келген ата-аналар осылай дейді.