Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежайда ұлт ұстазының виртуалды мұражайы ашылды. Мақсат – жолаушылардың әуежайға есімі берілген алаш арысының өмірі және қызметі жайлы жан-жақты мәлімет алуына мүмкіндік беру.