Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың көптілді болу қажеттігін өз сөзінде әрқашан атап өтеді. Қостанайлық студенттердің де тіл үйренуге деген ынтасы жоғары. Смарт орталықта өткен Король Сечжон атындағы институттың, корей тілі курстарының түлектеріне арналған сертификат тапсыру рәсімі осыған дәлел. Бұл іс-шара – жастардың жаңа белеске ұмтылып, халықаралық деңгейде білімін шыңдауға жасаған тағы бір қадамы.