Қостанай облысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге байланысты тұрғындарды қабылдау өтті. Ашық диалог алаңында басқарма басшылығы мен медициналық ұйымдардың жетекшілері халықпен бетпе-бет кездесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Мұндай қабылдаулардың негізгі мақсаты – тұрғындардың пікірін тыңдап, ұсыныстарын назарға алу арқылы медициналық қызметтің сапасын арттыру.