Қостанай қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге биыл бөлінген қаражат 707 млн.теңге. Оның 638 млн-ы қалалық бюджеттен. Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша 6411 азаматқа 503 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал өткен жылы 5432 адамға қолдау жасалған. Сандар ұлғайған. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының айтуынша, бұл айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды.