Торғай аймағы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында осылай деді. Мемлекет басшысы осыдан тура жарты жыл бұрын Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында Торғай-Ырғыз бағытындағы автожол құрылысын бастауды тапсырған еді. Сондай-ақ, Арқалық әуежайды қайта қалпына келтіру міндеті де тұр. Президенттің айтуынша, бұл бастамалар аймақтың экономикалық белсенділігін арттырады. Өзге де салалардың дамуына серпін береді.