Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Ел экономикасының тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын айта келіп, салаға жаңа қолдау шараларын енгізу қажеттігін атап өтті. Президенттің агрохабтар ашу туралы тапсырмасын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіреміз, дейді облыстық мәслихат депутаттары.