Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық - экономистер мен кәсіпкерлерге ғана емес, әр азаматқа, соның ішінде ұстаздар қауымына да аса қажет өмірлік дағды. Мұғалім тек ұрпақ тәрбиелеуші емес, қоғамдағы қаржылық мәдениетті қалыптастырушы тұлға. Өз Жолдауында Президент осы мәселеге ерекше тоқталды. Қарызсыз қоғам қалыптастыруда Ұлттық банктің Қостанай филиалы өкілдері ұйымдастырған жоба - жас ұрпаққа жөн сілтейтін бағыт-бағдар.