Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында алға қойған маңызды міндеттердің бірі – адами капиталды дамыту, белсенді ұстанымы бар адал азаматты тәрбиелеу және білікті мамандар қалыптастыру туралы айтылды. Осы орайда облыс көлемінде орындалып жатқан жұмыстар жайлы өңір басшысының әлеуметті мәселелер жөніндегі орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлімдеді.