Бүгін ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы әрі реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.  Қостанайда осыған орай және қазақ руханиятының тағы екі алыбы – Абай Құнанбайұлы және Міржақып Дулатұлына арналған мерекелік іс-шара өтті. Қазақстан халқы тілдері күні аясында ұйымдастырылған басқосуда ұлттың ұлы тұлғаларының еңбегі дәріптеліп, олардың қалдырған асыл мұрасы бүгінгі ұрпаққа жеткізілді.