Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселесіне қатысты заңға түзетулер енгізілді. Енді пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтайды. Олардың орнына жаңа басқару үлгісі – мүлік иелері кооперативі құрылады. Сондай-ақ «қарапайым серіктестік» түріндегі басқару формасы заңнан алынып тасталды. Оның орнына тікелей бірлесіп басқару жүйесі енгізіледі.