Облыс әкімі Бейімбет Майлин ауданына іссапары барысында тұрғындармен де кездесті. Кездесу барысында ауылдықтар инфрақұрылым, жол жөндеу, ауызсу мәселесі және жұмыс орындарын көбейту сынды өзекті сұрақтарын ортаға салды. Құмар Ақсақалов әрбір сауалға жеке-жеке тоқталып, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.