Күз келіп, күн суытса тумаудың таралу қаупі де жоғарылайды. Маусымдық вирус адам талғамайды. Дегенмен, иммунитеті төмен балалар мен қарт адамдарға жиі шабуыл жасайды. Уақтылы алдын алу шаралары қолға алынбаса, тұмау асқынып, соңы өкпе қабынуы секілді аса қауіпті дертке ұласуы мүмкін.