Мемлекет басшысы жаңа жолдауында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, бұл бастаманың ел экономикасын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Алдағы уақытта Жасанды интеллект министрлігі құрылып, Цифрлық кодекс қабылданады. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесі қайта жаңғыртылып, оның ашықтығы күшейтіледі.