Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қостанай облысында желшешекпен ауырғандар саны едәуір артқан. Соңғы үш айдың ішінде 1189 жағдай тіркеліп отыр. Бұл - өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге көп. Былтырғы жылдың алғашқы тоқсанында небәрі 646 жағдай анықталған болатын.