«Таза Қазақстан» акциясында қамыстылықтар да ерекше белсенділік танытты. Эконауқан кезекті аптасында аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер белгіленген аумақтарға бөлініп көшені абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шарапатты шара шеңберінде жәрмеңке ұйымдастырылып, акция қорытындысында концерттік бағдарлама көрініс тапты.