Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агро бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар елдің еңсесін көтеруде. Бұл туралы Науырзым ауданының әкімі айтты. Мәди Ихтиляпов іске асырылған жұмыстарды өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.