Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданының тұрғындарымен де кездесіп, олардың өзекті мәселерін шешу туралы тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Торғай өңірі халқының тұрмысын жақсартуға арналған бағдарлама келесі жылы да жалғасатын болады. Облыс әкімі бұл жобаларға жергілікті тұрғындардың белсене атсалысулары қажет екенін атап өтті.