Ертегілер еліне саяхат. Қостанайда Шымкент қалалық қуыршақтар және жасөспірімдер театрының гастролі басталды. Биыл 40 жылдық мерейтойын атап өткен театр ұжымы Қазақстанның 40 қаласын аралап, кішкентай көрермендерді қызықты ертегілерімен қуантпақ. Тобыл өңірінде бір аптаға созылатын гастрольдік сапардың шымылдығы «Кел, бірге ойнайық» туындысымен түрілді.