Қостанайдағы Марал Ишан мешіті – киелі нысандар картасына енген тарихи жәдігерлердің бірі. Өзінің ерекше сәулетінің арқасында дін атаулыға қарсы кеңес үкіметінің де кәдесіне жарап, бұзылмай сақталып қалған. 19 ғасырда бой көтерген ғимарат әлі де сән салтанаты келісіп, қалаға көрік беріп тұр.