Өңірде зейнет жасына таяған жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас» жобасы 2022 жылдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында 40-тан аса тұрғын еңбекпен қамтамасыз етілген. Ал, ағымдағы жылы нәтижелі жобаға бірқатар өзгерістер енгізіліп, қатысушылардың қатары артқан. Субсидия мөлшері де ұлғайды.