Тұтас ел үшін тарихи күн
Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтар үшін маңызды таңдау. Меніңше, бұл жерде ең бастысы – жеке мүддеден гөрі елдің ортақ мүддесі жоғары қойылады. Халықтың сөзін сөйлеп, қоғамның бірлігін сақтап, елдің дамуына нақты үлес қоса алатын азаматтарға сенім білдірген жөн. Әр азаматтың дауысы – еліміздің ертеңіне қосқан үлесіміз. Этномәдени бірлестік төрағасының пікірі осындай.