Қостанай облысының әкімі дауыс берді
Қостанайдағы №3 сайлау учаскесіндегі дауыс берушілерге ерекше көңіл бөлінді. Себебі мұнда шағын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, мерекелік концерт қойылды.Сайлау учаскесіне келген тұрғындар жергілікті өнімдерді төмен бағада сатып алып, өнерпаздардың концертін тамашалады. Дауыс беру учаскесіне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келіп, өз таңдауын жасады.
Ел болашағына қатысты маңызды таңдауды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та жасады. Аймақ басшысы №3 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.Оның айтуынша, әр азаматтың таңдауы елдің ертеңіне әсер етеді. Сондықтан бүгінгі сайлауға қатысу — ортақ жауапкершілік.