Арқалықтағы спорт дүбірі
Жетпіс жылдық белесті бағындырған Арқалық спорт дүбіріне бөленді. Шаһарда 39-шы облыстық спартакиаданың алауы жағылып, өңірдің әр түкпірінен келген спортшылар бас қосты. Бірнеше күнге созылған бәсекеде қатысушылар спорттың 22 түрінен бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.