Өлкенің өркендеуіне қомақты үлес қосқан өр тұлға
Қасиетті Торғай топырағы, Арқалық төрі – ұлт руханиятының көрнекті өкілі Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған тағылымды кештің куәсі. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарихи-мәдени мұраны түгендеуге ғұмырын арнаған қайраткерге арналған «Рух сардары» еске алу кеші Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Тұлға тағылымын ұлықтаған басқосуға елдің әр өңірінен зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен өнер адамдары, сондай-ақ қайраткердің туған-туыстары бас қосты.
Бұл туралы толығырақ бүгін кешкі сағат 20:30 -да арнамыздан көріңіздер.