Негізгі Жаңалықтар Абай сөзінің сәулесі: Қостанайда ұлы ақын мұрасы ұлықталды

Абай сөзінің сәулесі: Қостанайда ұлы ақын мұрасы ұлықталды

«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба…». Абайдың бұл сөзі қаншама уақыт өтсе де, мәнін жоғалтқан емес. Ұлы ақынның туған күнінде Қостанайда оның бейнесі қылқаламмен өрнектелді. Акцияға жүзден астам оқушы мен студент қатысып, бір мезетте Абай портретін салды. Облыста алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға Алексей Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен Мәдениет және өнер колледжінің студенттері қатысты. 


Бөлісу