«Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалында конференция өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал жетекшісі, Саяси кеңес және Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты Үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ қатысушылар партияның облыстық филиалының басқарушы органдарын құру мәселелерін қарастырды.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Бибігүл Аққожина облыстық филиалдың Басшысы болып сайланды. Оның мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметте көпжылдық тәжірибесі бар. Жаңа лауазымында ол облыстық филиалдың қызметін, партияның бағдарламалық мақсаттарының іске асырылуын және азаматтармен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
Саяси кеңестің құрамына шағын және орта бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор, бұқаралық ақпарат құралдары және аймақтың экономикасы мен қоғамдық өмірінің басқа да салаларының өкілдері кірді.
Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, заңгерлік, бухгалтерлік есеп және басқа да кәсіби бағыттарда жұмыс тәжірибесі бар мамандар енді.
Басқарушы органдардың жасақталуы «Әділет» партиясының облыстық филиалын құрудың ұйымдастырушылық кезеңін аяқтады. Жақын арада филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс істеуге, партиялық бастамаларды жүзеге асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға кіріседі.