Облыста республикалық «Еркін жол жүру акциясы» өтті. Бұл шараның басты мақсаты аулаішілік жолдарға қойылған жасанды бұғаттарды алып тастау. Мамандардың сөзінше тұрғындар аула ішілік жолдарды кейде бұғаттап тастайды. Ал жолдың ортасына көлденен қойылған мұндай кедергілер медициналық, өрт сөндіру көліктерінің жолын бөгейді. 

Республикалық «еркін жол жүру» акциясы аясында ТЖД қызметкерлері,ПД мамандарымен бірлесіп бетон блоктармен жабылған аулаішілік жолдарды ашты. Мамандардың сөзінше, бұл блоктар ТЖ кезінде арнайы техниканың оқиға орнына жедел жетуіне кедергі келтіреді.

ТЖ кезінде әрбір секунд қымбат. Десе де, тұрғындардың бұл тұрғыда өз уәждері бар. Олардың сөзінше, бұл блоктар көлік ағыны көбейіп кеткендіктен қойылған.

Акция басталғалы бері 53 тексеріс ұйымдастырылып, меншік иелері бірлестіктерінің басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы 115 ақпараттық хат табысталды. Бұл жұмыстар ұдайы жалғасып тұрмақ.