Адал азамат - адал қоғам. Мемлекет басшысының Адал азамат тұжырымдамасы қоғамдағы әділеттілік, жауапкершілік және заң үстемдігін нығайтуды мақсат еткен маңызды бастамалардың біріне айналып отыр. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен кездесуде қатысушылар заңға бағыну мәдениеті мен азаматтық жауапкершіліктің маңызы жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы адалдықты тек моральдық ұстаным ретінде ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс негізгі қағида ретінде атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, адал азамат - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, заңды құрметтейтін және қоғам игілігі үшін еңбек ететін тұлға бейнесі.

Адал азамат қалыптаспай, адал қоғам құру мүмкін емес. Ал оған бастар жол - заң мен тәртіпті сақтау. Әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын құрметтеуі қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан заң мен тәртіп қағидаттары адал қоғамның берік іргетасы. Құқық қорғау органдары академиясының ардагері осындай пікірде