Тобыл-Торғай даласының кең тынысты кеңістігінде, елдік пен еңбек тоғысқан кеншілер қаласында рухани мәні терең, маңызы зор жиын болды. Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында ағартушы, этнограф, қоғам қайраткері, жаңашыл педагогтың 185 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы, ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда 76 қатысушы баяндама жасады. Соның ішінде 57 - офлайн форматта, 19 - онлайн форматта қатысты.