Біз бұған дейінгі хабарымызда 2026 жылдың наурыз айында Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияда туберкулез дерегі тіркелгенін айтқан болатынбыз. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізілгеннен кейін жаңа жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ. Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сауалға берген жауабына сәйкес, ауру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілген.