Қостанай өңірі ауыл шаруашылығы саласында қашанда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өткен жылы диқандар бітік шыққан егінді ысырапсыз жинап, қамбаны астыққа толтырған еді. Бұл, биылғы науқанға да үлкен серпін беріп отыр. Аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық қыза түскен. Мамандардың мәліметінше, жанар-жағар май, тұқым жеткілікті. Қажетті техника да сақадай сай.