Елімізде қолға алынған көптеген жобалар әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күн тәртібінен түспеген мәселе. Нысандарды мүгедектердің кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстары тек пандус салумен шектелмеуі тиіс. Қостанайда «Мүмкіндік» акциясы ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін іске асыруға жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға, кәсіптік оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.