Ең көп қоқыс жинаған командаға пицца мен тәтті сусындар. Қостанай ауданында «Таза ойындар» экоакциясы өтті. Студенттер, еріктілер, блогерлер, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік ұйым өкілдері таза ауада сергіту жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұдан соң топқа бөлініп, сайларды тазартты.