Қостанай ауданында ұлттық рухты асқақтатқан дүбірлі дода – көкпар мен аударыспақтан аудан әкімінің кубогы өз мәресіне жақындап келеді. Дала төсін дүбірге бөлеген сайысқа облыстың әр өңірінен келген кіл мықтылар қатысуда. Ат үстіндегі айқаста бабалар аманатын арқалаған жігіттер ептілік пен ерліктің үлгісін көрсетуде.