Сары даланың саңлақ өнері – көкпар спортының жалауы қайта желбіреді. Арғымақ ипподромында ат спорты маусымы басталып, ұлттық рухты асқақтатқан дода өтті. Облыстық чемпионатқа аймақтың әр өңірінен іріктеліген 9 команда қатысып, намыс пен жігерді сынға салды.