Кеншілер шаһарында жас өнертапқыштар мен болашақ инженерлер бас қосты. Рудный қаласында өткен облыстық STEM Олимпиадасы оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын шыңдап, жаңа идеяларға жол ашты. Іс-шара ERG компаниясының бастауымен, облыстық білім басқарымен бірлескен қолдауымен жүзеге асты. Ауқымды білім додасына Қостанай облысының әр өңірінен 8 -11 сынып оқушылары жиналды.