Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында 7 жылдан кейін алғаш рет хирургиялық операциялар қайта жандандырылды. Енді науқастарға басқа қалаларға барудың қажеті жоқ. Қазіргі күнге дейін орталықта 30-дан астам операция сәтті жасалған.

2018 жылдың соңынан бастап Қостанай облыстық фтизио пульмонология орталығында хирургиялық оталар тоқтатылған еді. Өткен жылы ғимаратта инженерлік желілер, палаталар және операциялық жабдықтар жаңартылды. Жалпы өңірде туберкулездің алдын алу үшін қолданылып жатқан тәсілдер тиімді екенін көрсетіп, оң нәтиже беруде.

Хирургиялық бөлімше ашылғаннан бері дәрігерлер 30-дан астам операция жасаған. Оның ішінде өңірде алғаш рет жүргізілген клапандық бронхо блокация бар. Дәрігерлер жаңа әдістің жоғары тиімділігін атап отыр. Үш баланың анасы Нұргүл Сәттабаева хирургиялық бөлімшеге ісікпен түскен. Науқас операцияның қиындықсыз өткенін айтып, қазір қалпына келу кезеңінде екенін жеткізді.