Бұл Махамбеттің рухты әрі күрделі туындыларының бірі «Жорық» күйі. Ал оны нақышына келтіре орындап, төгілтіп отқан жас өнерпаз - кәріс ұлтының өкілі, Марк Ли.

Қостанайлық жас дарын кішкентайынан домбыраны жанына серік етіп, қазақ өнерін дәріптеп келеді. Түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атанды. Бүгінде ол 60-тан аса күйді еркін ойнайды.

Марктың қолына домбыра алып, ең алғаш күй шертуіне себепші болған нағашы атасы. Кейін музыкалық мектепте шеберлігін шыңдап, колледжге «Қазақ халық аспаптар» бөліміне оқуға түскен. Ұстазы Мұрат Хамитовтың айтуынша, қазір ол күй орындау техникасына ғана емес, оның мазмұны мен тарихына да аса мән береді.