27 наурыз күні Шымкент қаласында Digital Qazaqstan Battle республикалық форумы өтеді. Онда қатысушылар үздік стартап атағы мен 19 миллион теңге жүлде қоры үшін бақ сынайды. Осы маңызды дода қарсаңында Қостанайда жартылай финал өтіп, өңір абыройын асқақтататын ең үздік жобалар іріктелді
Елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында цифрлық стартаптарға ерекше көңіл бөлінуде. Осындай жобаларды Qostanai Hub алаңында болашақ кәсіпкерлер таныстырып, финалға жолдама үшін таласуда. Қатысушылар жас екендеріне қарамастан, өз стартаптарын дамытып, өңірде түрлі инновациялық әрі цифрлық идеяларды жүзеге асырып келеді.