Көктемгі егіс науқаны – ауыл шаруашылығы үшін ең маңызды кезеңдердің бірі. Күзде алынар өнім сапасы мен берекелігі осы маусымның ұйымдастырылу деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан шаруалар көктемгі дала жұмыстарына ерте әлірленіп, техника мен тұқым қорын, материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз етуге назар аударады. Бұл - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудың басты кепілі. Облыста осы бастан-ақ соқасын сайлап жатқан кәсіпкерлер көп.