Конституцияның жаңа жобасын еңбек адамдары да қолдап отыр. Жітіқара қаласында жергілікті әкімдіктің ұйымдастырумен өндіріс ошақтарының бірінде диалог алаңы өтті. Жұмысшы мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен жиында жаңа Ата Заң айқындап берген негізгі бағыттар сарапқа салынды.