Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша дайындық шаралары басталды. Оған барлық жауапты салалар жұмылдырылған. Биыл қар тиісті нормадан көп түскендіктен, орташа деңгейде су тасқыны болуы мүмкін. Қазіргі күні қауіпті аймақтар анықталып, құрал-саймандар мен техника әзірленуде. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді.