Қостанайда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 200 мың тоннадан астам қар арнайы полигондарға шығарылған. Қала көшелері, негізгі жолдар, қоғамдық көлік бағыттары, әлеуметтік маңызы бар нысандардың аумақтары күнделікті бақылауға алынып, тұрақты түрде тазартылуда. Мамандардың айтуынша, алдағы қарлы және боранды күндерге қажетті жанар-жағармай қоры, инертті материалдар және арнайы техникалар толық дайын. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен жұмыс күші тартылмақ.